Қазақстанда өнеркәсіптер шығаратын зиянды қалдықтардың экологияға тигізетін зиянды әсерінің алдын алу мақсатында жаңа экологиялық стандарт қабылданбақ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлады.
Енді жылу электр станциялары сарқынды суларды тазартуға және қайта пайдалануға тиіс. Ал жергілікті атқарушы органдарға экологиялық қауіп-қатерді басқарудың жаңа әдісі ұсынылды.
Құжат қалдықтарды өңдеу, климаттың өзгеруіне бейімделу, айналмалы экономикаға көшу және ресурстарды тиімді пайдалану бойынша жаңа талаптарды қамтиды.
фото: istockphoto.com
Автор
-
Барлығын қарауМақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

