Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Әлеуметтік әмиян» деген не?
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 03/09/2024

«Әлеуметтік әмиян» деген не?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елімізде соңғы екі-үш жылда «Әлеуметтік әмиян» туралы айтылып жүр. ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұсынған жоба пилоттық режимде 2021 жылдың аяғында іске қосылған. 2022 жылдан бастап электронды ақша түріндегі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер кезең-кезеңмен «әлеуметтік әмиянға» аударылды. 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтер іске асырылды. Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша жобаны кеңінен тарату басталды.

Мемлекет басшысы кешегі Жолдауында халықты қолдау тәсілдерін жетілдіре түсу қажет екенін айтып, алдағы жылы «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырды.

«Әлеуметтік әмиянның» қандай ерекшелігі бар?

«Әлеуметтік әмиян» азаматтардың E-gov қосымшасында мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қолдау мен шараларын жинақтау арқылы азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын алуды жеңілдету үшін жасалған.

BTS Digital ЖШС бас директоры Нұртай Әбілғалиевтің сөзінше, аталған жоба арқылы мемлекеттік көмек алу және оның жүргізілу тарихын қадағалау ыңғайлы. Ваучерлер жекелендірілген түрде жазылады, бұл кез келген заңсыз тіркеудің мүмкіндігін шектемек.

  • Әмиянды енгізу қазақстандықтарға банк карталарын пайдаланудың баламасы болады және оған есептелген қаражатты банктер, коллекторлар мен салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғауға мүмкіндік береді.
  • Атаулы әлеуметтік төлемдер тікелей әмиянға аударылады. Ол арқылы бюджеттен әлеуметтік бағытқа бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын бақылауға болады.
  • Әлеуметтік әмиянның артықшылығы – ол Ұлттық банк жүйесінде әрбір қазақстандыққа ЖСН бойынша ашылады. Шот ашу немесе банк картасын жаңарту үшін (әрбір үш жыл сайын) екінші деңгейдегі банктерге тұрақты түрде бару қажет емес.
  • Цифрлық әмиян қолға ақша ұстап жүруді қажет етпейді. Бұл сондай-ақ әмиянға әлеуметтік төлемдерді проактивті түрде есептеуге мүмкіндік береді.

– «Әлеуметтік әмиянда» әр отбасыға әлеуметтік мәртебесіне қарай ұсынылатын барлық мемлекеттік қолдау түрлері болады. Сондай-ақ, қолдаудың нақты берілу фактісі негізінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмек сомасы да көрсетіледі. Бұл шараларды жүзеге асыру тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізуді талап етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жыл соңына дейін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайтын болады, — деді бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова.

 «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттен көрсетілетін көмектің әділетті механизмі бола ала ма?

«Әлеуметтік әмиянды» әзірлеушілер аталған пилоттық жобаның сәтті тәжірибесін таратуға ниетті.

Алдағы уақытта «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде ақшалай қаражатты монетизациялау, мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарын сатып алу қарастырылмақ.

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына ӘМАТ тізбесінен азық-түлік сатып алуда атаулы көмек көрсету, әлеуметтік осал санаттағы тұтынушылар үшін тауарлы газға ваучерлер мен ЖЖМ бағасының өсуін өтеу үшін ваучерлер ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу қосымша пысықталып жатыр.

Платформа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен, соның ішінде Үкіметтің e-Gov электронды порталымен және E-Otinish өтініш беру жүйесімен интеграцияланған.

Қоса кетсек, бүгін «Әлеуметтік әмиянды» іске қосу мерзімі белгіленді. Жоба 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілуі мүмкін.

Сурет: img.freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 жыл Әлеуметтік әмиян ҚР Сауда және интеграция министрлігі Мемлекеттік органдар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
Шолу

БҚО экономикасының минусы мен плюсі

19/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.