Қазақстанда бір палаталы парламент құру үдерісі аясында депутаттарды президенттік квотасысыз тағайындау жүйесі қолданысқа енеді. Бұл туралы ауыл әкімдеріне арналған диалог-платформа барысында мәлім болды.
Жиында бір палаталы жаңа парламентте барлық депутаттар бірыңғай тәртіппен сайлануға тиіс екені айтылды.
Жаңа құрылымда цифрландыру және аймақтарды дамыту бағыттары бойынша жеке комитеттер құру қарастырылуы мүмкін. Бұл ұсыныстарды арнайы жұмыс тобы жан-жақты зерттейді.
Қазір елде қос палатадан тұратын парламентте 148 депутат бар.
Айта кетейік, биыл президент өз жолдауында бір палаталы үкімет құруды ұсынды. Бұл реформағадайындалуға бір жыл бар, сайлау 2027 жылы өтеді деп жоспарланып отыр.

