Абу-Дабилық International Holding Company (IHC) АҚШ Қаржы министрлігіне ресейлік Lukoil компаниясының шетелдік активтерін сатып алуға ниетті екенін хабарлады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
IHC – Біріккен Араб әмірліктерінің билеуші әулетінің ықпалды мүшесі басқаратын конгломерат. Компания төрағасы – БАӘ президентінің бауыры, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші шейх Тахнун бен Заид Әл Нахаян.
Lukoil активтеріне қызығушылық танытып отырған компаниялар қатарында ExxonMobil, Chevron және Carlyle да бар.
Lukoil-дің халықаралық активтері АҚШ енгізген санкциялардан кейін сатылымға шығарылған. Компаниялар 13 желтоқсанға дейін Lukoil-мен келіссөз жүргізіп, АҚШ үкіметінің мақұлдауын алуға тиіс.
Lukoil санкция салдарынан Еуропадағы үш мұнай өңдеу зауыты, Қазақстан, Өзбекстан, Ирак, Мексика, Гана, Мысыр, БАӘ және Нигерияның кен орындарындағы активтерін сатуға мәжбүр болды. Компанияның Қазақстандағы Қарашығанақ кен орнында 13,5% үлесі бар.
фото: istockphoto.com

