Қазір Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы қаладағы көпқабатты үйлерді капиталды жөндеуден өткізуге және лифттерді ауыстыруға бюджеттен қаражат бөліп жатыр. Алайда бұл ақша нөлдік пайызбен берілетін несие ретінде тіркеледі. Несиені қайтару мерзімі – 7-15 жыл.
Қарыз әр пәтерге жеке тіркеледі және үй сатылатын жағдайда кезде толық өтелуге тиіс. Төлемді кешіктіргендерден ақша сот арқылы өндіріледі.
Бағдарламаның операторы ретінде «Өркен қала» ЖШС-і белгіленді. Ұйым үшжақты келісімшарттар жасайды, техникалық бақылауды қамтамасыз етеді және әр пәтерге тиесілі төлем мөлшерін жалпы аудандағы үлесіне қарай есептейді.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

