Қазақстан аз зерттелген аумақтарда көмірсутек қорларын барлауға 1 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылады. Мемлекет бұл зерттеу жұмыстарының кемінде 50%-ын қаржыландыруға тиіс. Бұл туралы Энергетика министрлігі lsm.kz порталына хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік қолдауды алу үшін кен орындарын бастапқы зерттеу кезеңінен геологиялық барлау жұмыстарына және одан кейінгі өндіріс пен игеруге дайындау қажет.
Бұл жобаға мемлекетке тиесілі «ҚазМұнайГаз» бен «QazaqGaz» компаниялары да қатысуға міндетті.
Айта кетейік, қарашада елде бес жаңа алтын кен орны табылды. Олар 98 тоннаға дейін алтын өндіруге мүмкіндік береді.
фото: freepik.com

