Жалған ақпарат таратты деп айыпталған «Фонд-бюро расследования коррупции» редакциясының негізін қалаушы Кирилл Павловтың ісі 20 қарашаға шегерілді. Бұл туралы ФБРК телеграм-арнасы хабарлады.
«Қостанайға іссапарға келдім. Таңертең полиция мен жалдаған пәтерге келіп, күштеп алып кетті. Енді елден кетуді жоспарламағаным туралы түсініктеме алу үшін басқармаға әкелді», — деп хабарлады айыпталушының өзі.
Полиция Павловтың Қостанайдағы нақты мекенжайын тиісті рұқсат қағазынсыз қалай анықтағаны белгісіз.
«Полиция Павловты ешқандай процессуалдық құжат дайындамай қамауға алған, бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді. Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан Павловтың ісі бойынша сот отырысын тағайындау туралы хабарлама кейін келіп түсті.
«Әділ сөз» қоры журналист Кирилл Павловтың конституциялық және процессуалдық құқықтарын қатаң сақтауды және құқық қорғау және сот органдарының іс-әрекеттерінің ашықтығына, объективтілігі мен әділдігіне кепілдік беруді талап етеді», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Кирилл Павлов – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
«Заңгер ретінде мен Павловтың әрекеттерінен әкімшілік құқық бұзушылық құрамын көріп отырған жоқпын. Сөз бостандығы – әрбір азаматтың конституциялық құқығы. Сот инстанциялары өздерінің тәуелсіздігін көрсетіп, заңға сәйкес қатаң шешім қабылдайды деп үміттенемін», — деді ол.
Таяуда ол ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты айыптаған материалынан кейін өз бостандығына қауіп төнгенін хабарлады. Министрлік журналист сүт өнімдеріне қатысты әдейі жалған ақпарат таратты деген шағым түсірген.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

