Алматы облысында өзге елдің туы мен өзге басшылығының суретін өртеген 12 адамнан құралған топ ұсталды. Бұл туралы жергілікті полиция департаменті хабарлады.
Полицияның мәліметінше, 13 қараша кешінде бір топ азамат заңсыз жиналып, мемлекеттік туды және шетел басшылығының бейнесін өртеген.
Айыпталушылар әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ олардың арасынан алты адамға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Туды өртеу фактісіне қатысты өшпенділік қоздыру бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда Қарағанды облыстық соты қазақтарды «мамбет» деген Алика Мұхамадиеваны 3 жыл 6 айға бос бостандығынан айыру туралы үкімге қол қойды.
фото: istockphoto.com

