Бас прокуратура президенттен судья Асель Досаеваны әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беруді өтінді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Таяуда әлеуметтік желілерде судья Асель Досаеваның көлікті мас күйінде, жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны туралы ақпарат тараған болатын. Полиция 2 қарашада Mazda маркалы көлікті мас күйінде басқарған жүргізушінің ұсталғанын растады, алайда күдіктінің судья мәртебесіне байланысты оны бірден қамауға алу мүмкін болмады.
Заң бойынша, көлікті мас күйінде басқарған тұлға 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.
Қазақстан республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 873-бабына сәйкес судьяларды мемлекет басшысының келісімінсіз қамауға алуға болмайды.
фото: freepik.com

