Орал қаласында 11-12 қараша арасында өтетін Қазақстан-Ресей форумына дайындық жүргізу үшін бюджеттен 7,2 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы қала әкімдігі BES.media-ға берген ресми жауабында хабарлады.
Әкімдіктің ақпаратына сәйкес қаржының 3,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, ал қалған 4 млрд теңгесі жергілікті бюджет есебінен алынған.
Бөлінген ақшаға орталық көшелердегі 58 көпқабатты үйдің қасбеттері сырланған. Қалада біраз үйдің көшеге қараған жағы қара және сары түспен боялды.
Оқыңыз:
«Сырты бүтін, іші түтін». Оралдағы жатақхананың жағдайы оңалмай тұр
Қалада Журналистер бағы мен Некрасов атындағы саябақ жаңартылды.
Қаражаттың басым бөлігі жолдарды жөндеуге жұмсалды. Құрылыс компаниялары 24 көшенің жолын жаңартты, тағы 24 көшеде орташа жөндеу, үш көшеде күрделі жөндеу жүргізілді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы биыл 21-рет өткізіліп тұр. Алғашқы кезде биыл бұл форумға Тоқаев пен Путин келеді деген хабар тарады. Одан кейін шараға екі елдің президенттері онлайн қатысатыны белгілі болды.
Автор
-
Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.
Барлығын қарау

