Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокуратураға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарауды тапсырды. Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
10 қарашада Астанада ұлдары әскерде көз жұмған аналар министрліктер үйінің алдында митинг өткізді.
«Балаларымыз әскерден табытпен келіп жатыр. Әділдік талап етеміз», – деді шеруге қатысқан ананың бірі.
Кейін шеру ұйымдастырылған орынға полиция қызметкерлері келіп, белсенді әйелдерді Байқоңыр аудандық ішкі істер бөліміне алып кетті.
Айта кетейік, қазан айының басында Алматыда міндетті әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз әскери бөлімше ғимаратының үшінші қабатынан секіріп, аман қалды. Араға бірнеше күн салып Алматы облысындағы басқа бөлімшеде әскерге шақырылғанына бір апта болған сарбаз қаза тапты.
Жуырда екі жыл бұрын әскери борышын өтеу кезінде жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркиядан оралды. Қазақстандықтардың оның еміне 230 млн теңге жинады.
фото: istockphoto.com

