Қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын ипотекалық қарызды өтеу үшін пайдалана алады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
Жоба бойынша зейнетақы жинақтарын ипотекалық тұрғын үй несиесінің қарызын өтеуге, ай сайынғы төлемді азайтуға немесе несие мерзімін қысқартуға жұмсауға болады.
Министрлік артық зейнетақы қаражатының бөлігін ипотеканың сыйақы мөлшерлемесін өтеу үшін пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр. Түзету бекітілсе, банктер зейнетақы жинағындағы барлық соманы негізгі борыштың бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеу ретінде есептеуге тиіс.
«Қағидалар жеке тұлғалардың зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерінен жеке табыс салығын ұстауды шектеуге бағытталған», — делінген ведомство хабарламасында.
Құжат «Ашық НҚА» порталында 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді. Алайда портал қолданушыларын
құжаттың толық көрсетілмегені алаңдатып отыр.
«Жобаның түсіндірме жазбасы мен салыстырмалы кестесі порталға жүктелмеген. Бұл қолданыстағы заңнаманы бұзады. Тиісінше, жобаны көпшілік алдында жалған талқыланып жатыр», – деді «Ашық НҚА» қолданушыларының бірі.
Экономист Нұрсұлтан Ерболатұлы заңнамадағы өзгеріске қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл үрдіс тұрғын үй нарығында аса сезілмейді.
фото: pixabay.com

