Қазақстандық IT-мамандар есірткі трафигін анықтауға мүмкіндік беретін «ProkAi» және «CryptoTrace» желілерін жасап шығарды. Тестілеу кезеңінде бұл қосымшалар 15 мың дропперлік шотты анықтаған, деп хабарлады Бас прокуратура.
«ProkAi» – тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін интернеттегі есірткі саудасын анықтауға бағытталған ЖИ платформа. Ал «CryptoTrace» жүйесі қаржылық транзакцияларды талдап, есірткі саудасынан түсетін ақшалай ағындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама SimBox құрылғылары арқылы есірткі дүкендерінің қылмыстық шоттарын әшкерелейді. Бүгінге дейін жүйе 15 мың дропперлік шот тапқан. Олардың 2 мыңы қазақстандық, 13 мыңнан астамы шетелдік азаматтарға тиесілі. Заң бұзғандарға қатысты жүзден астам қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған қылмыскерлердің біреуі криптоәмиянында 5 млн АҚШ доллары көлемінде заңсыз активтерді сақтап келген.
фото: freepik.com

