Ямайка мен Гаитиде «Мелисса» дауылы кемінде 49 адамның өмірін қиды, деп хабарлады BBC агенттігі.
Қазір дауыл Бермуд аралдарының солтүстік-батысында жылжып келеді. Онда 2-санаттағы дауыл жөнінде ескерту жарияланған. Гаити билігі кемінде 30 адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанын хабарлады. Ямайкада 19 адам қайтыс болды, ал Кубада құрбандар жайлы мәлімет жоқ, бірақ арал қатты зардап шеккен.
Шропшир графтығынан шыққан Хезрон Отти BBС тілшісіне Ямайканың солтүстік-батысындағы Сэнди-Бэй елді мекенінде тұратын анасымен және бауырларымен дауылдан бері байланыса алмай отырғанын айтты.
«Олардың не істеп жатқанын, ішер сулары бар ма, үйлері мен баспаналарына не болғанын елестету қиын. Ең бастысы – олардың аман екеніне көз жеткізгім келеді», – деді ол

