Мемлекеттік кірістер комитеті елдегі ең ірі салық берешегі бар компаниялардың тізімін жариялады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Тізімнің басында Алматы қаласындағы «Ai-To Progress» ЖШС тұр – оның бюджет алдындағы қарызы 110,1 млрд теңге. Екінші орында Талғар қаласындағы «Tex Alliance» ЖШС (95,9 млрд теңге), үшінші орында Алматыдағы «Alpha-bet» ЖШС (92,4 млрд теңге) орналасқан.
Борышкерлердің арасында төртінші орында «Group of the companies TDA» ЖШС (90,3 млрд теңге) тұр. Бестікті 83,7 млрд теңге қарызы бар «OLIMP KZ» түйіндеді.
Комитеттің мәліметінше, қазір елде 16 173 борышкер салық төлеуші субъект бар.

