Әлемнің 4 елінен жиналған халықаралық зерттеу тобы Шығыс Қазақстандағы Көкен қонысынан табылған ежелгі адам сүйектерін зерттеп, қазақ халқының генетикалық тарихы кемінде 7 мың жыл бұрын басталғанын анықтады. Бұл туралы Science Advances ғылыми журналы хабарлады.
Зерттеуге Қазақстан, Оңтүстік Корея, Германия және АҚШ ғалымдары қатысқан. Олар 21 мәйіттің ДНҚ-сын талдап, бірінің б.з.д. 5500 жылдардағы ерте неолит дәуірінде өмір сүргенін дәлелдеді.
Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының басшысы Мақсат Жабағиннің айтуынша, Ертіс өңірі ежелден Еуразиядағы генетикалық және мәдени ықпалдастықтың маңызды торабы болған.
Ғалымдардың бұл еңбегі қазақ ғылымының халықаралық деңгейдегі ірі жетістігі ретінде бағаланып отыр.
фото: istockphoto.com

