Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Санкция қысымынан «Лукойл» шетелдегі активтерін сатуға шешім қабылдады
Нұртай Текебаев жаңалық 28/10/2025

Санкция қысымынан «Лукойл» шетелдегі активтерін сатуға шешім қабылдады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Лукойл» мұнай компаниясы шетелдегі активтерін сатуды жоспарлап отыр. Оған АҚШ пен Англияның санкция салғаны себепші болған. Айта кетейік, алпауыт компания Қарашығанақ кен орнының 13,5%-ына иелік етеді.

«Кейбір елдердің компания мен оның еншілес ұйымдарына қатысты шектеу шараларын енгізуіне байланысты компания өзінің шетелдік активтерін сатуға ниет етіп отыр. Қазіргі уақытта әлеуетті сатып алушылардан ұсыныстар қабылдап жатырмыз. Активтерді сату OFAC-тың тарату лицензиясына сәйкес жүзеге асырылуда. Қажет болған жағдайда компания өзінің шетелдік активтерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін лицензияны ұзартуға өтініш беруді жоспарлап отыр», — деп хабарлады «Лукойл».

22 қазан күні АҚШ-тың қаржы министрлігі «Роснефть» пен «Лукойл» мұнай компанияларына санкция салғанын хабарлады.

«Президент Путиннің бұл мағынасыз соғысты тоқтатудан бас тартқанын ескере отырып, Қаржы министрлігі Кремльдің соғыс машинасын қаржыландырып отырған Ресейдің ең ірі екі мұнай компаниясына қарсы санкциялар енгізуде», – деп түсіндірді АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент.

Қара тізімге «Роснефтьтің» 28, «Лукойлдың» 6 еншілес ұйымы енгізілді.

15 қазанда дәл осы екі компанияға Лондон да санкция салған еді. Англия Ресей үкіметі үшін екеуінің күретамыр екенін атап өткен.

«Лукойлдың» Қазақстанның мұнай-газ кен орнында үлесі бар:
  • Теңіз кен орны – 5%
  • Қарашығанақ – 13,5%
  • Құмкөл – 50%
  • Каспий мұнай құбыры консорциумы – 12,5%

Одан бөлек «Қаламқас», «Хазар», «Әуезов» жобаларының 50%-ын, «Әл-Фараби» жобасының 49%-ын жеңіп алған.

2024 жылы «Лукойл» Қазақстанда жанармай құятын бекеттер желісін енгізуді бастады. Бір апта бұрын «Лукойл» Оралда жанармай құю стансасын ашты.

«Лукойл» компаниясының Қазақстандағы бірқатар ірі жобаларға қатысы бар екен белгілі. Қарашығанақ (13,5%), Теңіз (5%) және Каспий құбыр консорциумы (12,5%) жобаларында үлесі бар. Бірақ көріп отырғанымыздай ол үлес көлемі мажоритарлы емес. Яғни Қазақстан тарапынан жобаларға қатысты стратегиялық шешімдерге «Лукойл» компаниясынан тәуелділігі жоқ», — деді сарапшы Ернар Талғатұлы.

Эксперт «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатуды жоспарлағаны отандық нарық үшін тиімді болады деп санайды.

«Бұл жағдай Қазақстан үшін жақсы мүмкіндік туғызады. Санкциялық қысым аясында мұндай активтер нарықтық құнынан төмен бағада сатылуы мүмкін. Осыған байланысты қазақстандық бизнес немесе квазимемлекеттік құрылымдар бұл үлестерді сатып алу арқылы еліміздің стратегиялық энергетикалық активтеріндегі үлесін арттыра алады. Бұл ұлттық мүдде тұрғысынан тиімді қадам болып саналады және болашақта энергетикалық қауіпсіздікті нығайта түсуі ықтимал», — деді сарапшы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясы басшыларының бірі Вагит Алекперовты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған.

фото: Zima Nadezhda/Zoonar/IMAGO

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
АҚШ Англия Басты ақпарат Қарашығанақ Лукойл Мұнай Ресей Санкция
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.