Тамыз айында Қырғызстаннан импортталған авиакеросин көлемі соңғы үш жарым жылдағы ең жоғары деңгейге жетіп, 17,8 мың тоннаны құрады. Бұл туралы DATA HUB хабарлады.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың 8 айында елде 485 мың тонна авиакеросин өндірілген, ал импорт 188 мың тоннаға жетіп, 56,8%-ға өскен.
Қырғызстаннан әкелінген әуе керосинінің көлемі бір ай ішінде 3,6 есе артқан. Ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде авиакеросин импорты мүлде тіркелмеген.
Қазақстанға авиакеросин экспорттайтын негізгі ел – Ресей. Биыл ол 19,7 мың тонна отын жеткізген. Осылайша, Қырғызстан бұл бағытта Ресеймен шамалас деңгейге жетті.
Қырғызстан әуе отынын экспорттауды белгілі уақытта ғана жүзеге асырады. Мәселен, 2024 жылдың тамызынан 2025 жылдың наурызына дейін бұл елден импорт мүлде тіркелмеген.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте Ресейдің ең ірі мұнай компанияларының кірісі күрт төмендеп жатқаны анықталды. Биыл «Роснефтьтің» таза пайдасы 68%-ға, «Лукойл» мен «Газпром нефтьтің» пайдасы 50%-ға кеміген.
фото: freepik.com

