Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 28 тамыз
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Көзқарас»Камила Смағұлова: «Қазақ даласындағы әйел құқығы үшін күрес әлемдік феминизмнің бой көрсетуінен бір онжылдық бұрын басталып кетті»
Нұрлыбек Рахманов Көзқарас 21/08/2024

Камила Смағұлова: «Қазақ даласындағы әйел құқығы үшін күрес әлемдік феминизмнің бой көрсетуінен бір онжылдық бұрын басталып кетті»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Камила Смағұлова  – ұлтшылдық пен мемлекет құру, тарихи жады мен азаматтық белсенділік секілді үдерістерді зерттеуші. Мемлекеттік саясат магистрі және саясаттану/халықаралық қатынастар бакалавры дәрежесі бар. «Europe-Central Asia Monitoring» (Нидерланды) бағдарламасының штаттан тыс зерттеушісі. Қазіргі уақытта ол PaperLab зерттеу орталығының ғылыми қызметкері және Lane Kirkland бағдарламасының стипендиаты (Польша).

Зерттеуші және саясаттанушы Камила Смағұлова қазақ тарихындағы әйелдердің бейнесі әлі күнге жеке-дара тұлға емес, жанама сипаттағы кейіпкер ретінде берілетінін айтады. Оның сөзінше, әйелдер жайлы сөз қозғалғанда, не олардың белгілі бір адамға деген туыстық қатынасы туралы ақпарат, не «құрбан» яки «батыр қыз» деген нарративтер ғана қолданылады екен.

Бұл туралы Камила Смағұлова «20-ғасырдағы Қазақстан тарихындағы әйелдер – жады нарративтері» атты дәріс барысында айтып берді. Шараны Qalam Global көптұғырлы ғылыми-біліми жобасы Ақтөбе қаласында ұйымдастырған болатын.

Камила Смағұлова. Фото: Кипятком Ақтөбе

«Тарихымызда ақтаңдақтар көп. Соның арасында ең бірінші боп әйелдердің есімдері тұр. Мектепте де, университетте де көптеген қазақ қызының аты аталмай қалған. Мәселен, Алаш туралы айтсақ, сол заманда сол ортада жүрген әйел тұлғалардың бейнесі қоғамдық санада қалыптасаған. Бұл санаттағы қыз-келіншектер зерттеу-мақалаларда да, қазір поп-мәдениетте трендке айналған Алаш туралы туындыларда да сирек кездеседі. Көп жағдайда әйелдің рөлі бөлек актор ретінде емес, қай қайраткердің жұбайы, қызы немесе басқадай туысы болғанымен ғана шектеледі. Мысалы, Ғайнижамал Дулатова – журналистикада, қазақ баспасында өте көп еңбек еткен жан. Бірақ қоғам оны бірінші кезекте Міржақып Дулатовтың жары деп таниды», – дейді ол.

Зерттеуші бұл қатарға Ғ.Дулатовадан бөлек қуғын-сүргінге ұшыраған Шахзода Шонанова, Мəмила Таңатова, Торғай Сүлейменова, сонымен қатар журналист, аудармашы, Семейде Абайға арнап шығармашылық кеш өткізген Нәзипа Құлжанова, орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқыту туралы дидактикалық материал жазған Фатима Ғабитова, қалың малға тыйым салатын декреттің пайда болуына үлкен үлес қосқан Алма Оразбава секілді тұлғаларды қояды.

«Тағы бір жиі кездесетін нарратив – қазақ әйелін не батыр, не құрбан қылып қана көрсету. Біріншісіне Томиристің, Әлия мен Мәншүктің бейнелерін кеңінен қолдану кіреді. Мұндай әдістің саясат пен идеология үшін өз пайдасы бар. Ал «құрбан» рөліне қатысты Желтоқсан-86 көтерілісінен мысал келтіруге болады: мұнда алаңға өз қалауымен, еркімен барған қыздардың тұлғасына тоқталмай, «қазақ жігіттері көтеріліске қазақ қыздарын қорғау үшін барды» дейтін, яғни қазақ қызын құтқарылуға тиіс объектіге айналдыратын дискурс кездеседі», – деп атап өтті зерттеуші Qalam дәрісі барысында.

Фото: Кипятком Ақтөбе

Сондай-ақ Камила Смағұлова қазақ даласындағы әйел құқығы үшін күрестің әлемдік феминизмнің бой көрсетуінен бір онжылдық бұрын басталып кеткенін айтады.

«Қазір «Қазақстанда феминизм болмаған», «Әйел теңдігі болмаған» деген пікірлер таралған. Бірақ басқа елдерде мұндай өзгерістер өткен ғасырдың 20-жылдарындағы оқиғалардан, мәселен, суфражистердің қозғалысынан бастау алса, қазақ әйелдері одан бұрын бастама көтерген болатын. Меніңше, негізгі дата Семейдегі 1907 жылғы әйелдердің тұңғыш митингі болуы керек. Кеңес Одағы пайда болмай тұрып-ақ қазақ феминистері әйелдердің теңдікке, білімге қол жеткізуі секілді мәселелерді қозғаған», – деп санайды ол.

Qalam.global ұйымдастырған дәріс аясында бұдан бөлек Камила Смағұлова ХХ ғасырдағы қазақ тарихына әйелдердің призмасы тұрғысынан қарау, Кеңес Одағының әйел бейнесін өз мақсатында пайдалануы секілді тақырыптарға тоқталды, сонымен қатар педагог және дидактик Фатима Ғабитова, актриса Хадиша Бөкеева, журналист Нәзипа Құлжанова секілді тұлғалардың тағдырын мысалға ала отырып өткен ғасырдағы әйелдердің өміріндегі елеулі жайттарды атап өтті.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Әйел теңдігі зерттеуші Камила Смағұлова сарапшы сарапшы инфо феминизм
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Қандастарға көші-қон саясаты қаншалықты тиімді?

28/02/2026
Біздің сараптама

Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты неге салынбай қалды? (1-бөлім)

13/02/2026
Біздің сараптама

Гендерлік алшақтық индексі: Қазақстанның саяси мансап жүйесіндегі әйелдердің рөлі

05/02/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Тамыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.