Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін әкеткен көлік апатынан кейін мерекелік шаралар тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
«25 қазан күні сағат 19:00-де «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында өтуі жоспарланған гала-концерт пен отшашу өңірде орын алған жағдайға байланысты өтпейтіндігін хабарлаймыз, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қазанға қараған түні Ақтөбе облысында Самара–Шымкент автожолында жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдаумен айналысатын «ГАЗель» көлігі соқтығысты.
Қазір апаттың себеін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

