Орал қаласында үш жылдық үзілістен кейін «ПОШ Руно» ЖШС былғары өңдеу зауыты қайта іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Кәсіпорынды қалпына келтіру жұмысына 2025 жылдың сәуір айында ирандық инвесторлар қаражат бөлді. Жобаға құйылған инвестиция көлемі — 1 млрд теңге.
Маусым мен қыркүйек аралығында өндірістік желілерді жөндеу, техникалық қызмет көрсету, қызметкерлерді оқыту және логистикалық жүйені жаңғырту жүзеге асқан.
Кәсіпорын Olcina Group, Cartigliano, Invoxvic, Dueffe/Ficcini сияқты еуропалық өндірушілердің заманауи жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ зауытта аяқ киім өндірісіне арналған 68 тігін машинасы орнатылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың тамызында Оралдағы кеме шығаратын тұңғыш “Зенит” зауытының 85% акциясы түркиялық “AYDA” компаниясына сатылатыны белгілі болды.
фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

