Қазақстанда айына 10 млн теңгеден астам еңбекақы алатын мамандар бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының биылғы жалақы бойынша зерттеуінде айтылған.
Ең жоғары табыс қаржы және сақтандыру саласында тіркелген. Мысалы, «Қаржы қызметтері мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет» сегментінде басшы лауазымын атқаратын мамандардың орташа жалақысы 16,9 млн теңгені құрайды.
Табысы жоғары тағы бір сала – құрылыс. Тау-кен инженерлерінің орташа жалақысы 12 млн теңгені құраса, ғимараттарды жобалау ұйымдарының директорлары айына орта есеппен 11,5 млн теңге табыс табады.
Сондай-ақ әуе көлігі ұйымдарының бас директорлары орташа есеппен 10,4 млн теңге жалақы алады.
«Сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандырудан басқа қаржы делдалдығы» саласында жұмыс істейтін мамандардың орташа жалақысы – 8,9 млн теңге.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елдегі медианалық жалақы 317 мың теңгені құрады. Бұл статистиканың қаншалықты шындыққа жанасаты жөнінде Sarapshy.info жазды.
фото: istockphoto.com

