Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Батыс Қазақстан облысында 814 ресейлік компания жұмыс істейді
Дария Ғұмар Шолу 18/10/2025

Батыс Қазақстан облысында 814 ресейлік компания жұмыс істейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылы Батыс Қазақстан облысында 1152 шетелдік компания тіркелген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректе айтылды.

Олардың ішінде 1139-ы шағын, 9-ы орта және 4-і ірі кәсіпорын санатына жатады.

Елдер бойынша компаниялар мынадай:

  • Ресей – 814
  • Беларусь – 45
  • Италия – 36
  • Әзербайжан – 32
  • Украина – 22
  • Германия – 18
  • Түркменстан – 14
  • Түркия – 12
  • Өзбекстан – 12
  • Нидерланды – 10
  • Кипр – 9
  • АҚШ – 9
  • Біріккен Араб Әмірліктері – 8
  • Чехия – 8
  • Польша – 7
  • Тәжікстан – 7
  • Грузия – 6
  • Египет – 6
  • Ангилья – 5
  • Австралия – 5
  • Эстония – 5
  • Виргин аралдары (Британия) – 4
  • Қырғызстан – 4
  • Литва – 3
  • Швейцария – 3
  • Нигерия – 3
  • Мажарстан – 2
  • Молдова – 2
  • Люксембург – 3
  • Джерси, Ирак, Малайзия, Сербия, Сингапур, Үндістан, Хорватия, Черногория, Швеция – әрқайсысында 1 компаниядан

Салалар бойынша ең көп компаниялар көтерме және бөлшек сауда, автомобиль мен мотоцикл жөндеу (543 компания) саласында жұмыс істейді.
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет көрсету – 97, ақпарат және байланыс – 82, әкімшілік және қосалқы қызмет – 76, құрылыс – 62, көлік және қоймалау – 57 компанияға тиесілі.
Бұдан бөлек, өзге қызмет түрлері мен өңдеу өнеркәсібінде – 47, қаржы және сақтандыру саласында – 34, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 26, тамақтану және орналастыру қызметінде – 24, білім беруде – 19, тау-кен өндіру мен карьерлерді қазуда – 15, өнер және ойын-сауық саласында – 9, ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласында – 6, ал сумен жабдықтау мен қалдықтарды өңдеу бағытында – 2 компания бар.

Қазір Қазақстан аумағында шетелдік компаниялардың филиалдары мен өкілдіктерін ашу – заңмен реттелген және салыстырмалы түрде қарапайым процесс. Әдетте аталмыш құрылымдар өз қызметін ел ішінде тікелей коммерциялық мақсатта емес, бас компанияның мүдделерін қорғау, серіктестермен байланыс орнату және нарықты зерттеу үшін ашады.

Қазақстанда корпоративтік табыс салығының (КТС) жалпы мөлшерлемесі 20%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш барлық компаниялар үшін бірдей – оның ішінде ел аумағында тұрақты мекеме ретінде тіркелген шетелдік компания филиалдары да бар. Бұған қоса, аталмыш кәсіпорындарға жанама салықтар, соның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) да қолданылады.

Алайда шетелдік компаниялар үшін салық жүктемесін арттыратын кейбір ерекшеліктер бар. Мысалы егер шетелдік резиденттің Қазақстанда тұрақты мекемесі болмаса, бірақ ел ішіндегі көздерден табыс алса, бұндай табыс төлем көзі бойынша салық салуға жатады.

Сонымен қатар, шетелдік компания филиалдары корпоративтік табыс салығын төлегеннен кейін қосымша филиал табысына салынатын салықты (branch profit tax) төлеуге міндетті. Оның мөлшерлемесі – 15%. Осылайша, барлық төлемдерді есептегенде салық мөлшерлемесі шамамен 32%-ға дейін көтерілуі мүмкін.

ОҚЫҢЫЗ: БҚО-да екі майнинг фермасы жұмыс істейді

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Беларусь БҚО Италия Кәсіпорындар қосымша құн салығы Орта және шағын бизнес Ресей Шетелдік компания
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.