Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Шымкентте Beine.Pro интернет журналының тұсаукесері өтті
Дария Ғұмар жаңалық 15/10/2025

Шымкентте Beine.Pro интернет журналының тұсаукесері өтті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Шымкентте визуалды контентке негізделген интернет журналы таныстырылды. Kiiz space өнер кеңістігінде өткен іс-шараға өңір журналистері, медиа сарапшылар, бизнес өкілдері мен медиажобалардың кейіпкерлері қатысты.

Beine.Pro – Шымкент пен Түркістан өңірінің тыныс-тіршілігін фото, видео және иллюстрация арқылы таныстыратын дербес интернет журнал.

Жобаның визуал контент продюсері, фотожурналист Әйгерім Бегімбет журналдың пайда болу тарихы туралы айтты.

«2019 жылдан бері Internews Kazakhstan ұйымының қолдауымен бірнеше медиажоба жүзеге асырдық. Енді сол тәжірибені дамытып, аймақ өмірін фото және видеоконтент арқылы көрсетуге бағытталған сапалы репортаждар жасаймыз», – деді ол.

Beine.Pro әйел мен бала, ауыл өмірі, экология, білім, денсаулық, урбанистика және жасанды интеллект тақырыптарына басымдық береді.

Журналда фоторепортаж, видеорепортаж, сторителлинг және дата жобалар жарияланады. Қазір жобаның YouTube-тағы арнасындағы қаралым саны 300 мыңнан, ал TikTok пен Instagram желілеріндегі видеолардың қаралымы 200 мыңнан асқан.

Жобаның мультимедиа журналисі әрі үйлестірушісі Жанерке Хумар Beine.Pro-ға тән форматтың ерекшелігін атап өтті.

«Beine.Pro – уақыт ағымына байланбайтын контент өндіретін медиа. Фото мен иллюстрациядан бастап, видеорепортаж және рилс форматтарына дейін дамыдық. Бұл – толыққанды мультимедиалық журналға айналудың алғышарты болды», – деді ол.

Beine.Pro интернет журналының негізгі құндылығы үшеу: Жаңашыл. Жауапкершілік. Адалдық. Яғни Beine.Pro — жауапкершілік пен адалдық қағидаттарын ұстанып, жаңашыл контент өндіретін медиа.

Бас редактор Жәнібек Нұрыштың айтуынша, команда жергілікті медианарықты дамытуға, ал жасанды интеллект пен заманауи құралдарды пайдалану арқылы шынайы контент өндіруге ұмтылады.

«Біз барлық медиажобаны бір ортаға жинап, тұрақты жұмыс істейтін редакция құрдық. Жаңа форматта контент жасап, монетизацияның түрлі әдісін енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Журналдың логотипін графикалық дизайнер Шыңғыс Әбдіразақ әзірлеген. Ол «бейне» ұғымының проекциясы ретінде өмірдің өзін қаз-қалпында көрсетуді бейнелейтін идеяны ұсынды.

Тұсаукесер барысында «Тіршілік» және «Түркістан әйелдері» фотокөрмесі көрсетіліп, медиасарапшылар Молдияр Ергебеков, Бақыт Аманжолқызы, Думан Смақов, Жұлдыз Әбділда, Асхат Еркімбай және Асқар Ақтілеу қатысқан панельдік пікірталас өтті. Сарапшылар медиаэтика, интеллектуалды медиа, фактчекинг және жасанды интеллект дәуіріндегі журналистика туралы ойларын ортаға салды.

Қазір журналдың beinepro.kz ресми сайты мен YouTube, Instagram, TikTok, Facebook, LinkedIn желілерінде парақшалары, сондай-ақ WhatsApp және Telegram арналары бар.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Beineprokz ақпарат жоба Журналистика Интернет журнал Түркістан Шымкент
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.