Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында адам ұрлап, неке қиюға мәжбүрлеген азаматтарға қатысты іс қозғалды. Жәбірленушілердің екеуі — кәмелетке толмаған қыздар. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
2025 жылдың 16 шілдесінде елде азаматтардың жеке өміріне қауіп төндіретін әрекеттерді болдырмауға бағытталған құжатқа қол қойылды. Бұл мақсатта Қылмыстық кодекске екі жаңа бап енгізілді: сталкинг (115-1-бап) және неке қиюға мәжбүрлеу (125-1-бап).
Сталкинг бойынша Атырау және Павлодар облыстарында екі іс тіркелді.
Неке қиюға мәжбүрлеу әрекеті үшін кінәлілерге 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, түзету жұмысына тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер бұл әрекет ауыр зардаптарға әкелсе, жаза мерзімі бес жылдан он жылға дейін ұзаруы мүмкін.
фото: istockphoto.com

