Батыс Қазақстан облысында ипотекалық несие рәсімдеуге көмектесемін деп тұрғындарды алдаған 34 жастағы әйел ұсталды. Ол 50 млн теңгеден астам қаражатты қолды қылған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Күдікті бұған дейін банк саласында жұмыс істеген. Ол азаматтарға тұрғын үй мен автокөлік сатып алуға, ипотека рәсімдеуге жәрдемдесемін деп уәде беріп, олардың ақшасын иемденген деген күдікке ілінді. Тергеу барысында оның аталмыш қылмысқа 12 рет барғаны анықталды.
Келтірілген материалдық залалдың жалпы көлемі 50 млн теңгеден асады. Жәбірленушілердің көпшілігі — жеке кәсіпкерлер. БҚО аудандарының бірінде тұратын жәбірленуші күдіктіге ипотека рәсімдеу үшін 23 млн теңге берген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
фото: istockphoto.com

