NCOC әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға кеткен шығындары арқылы өзін асқақтатып көрсететкісі келетіндей. Себебі олар жұмсаған қаражатын мұнай есебінен еселеп қайтарып жатыр.
NCOC өз шығындарын доллармен есептейді, ал төлемді теңгемен жасайды. Барлық шығындар uplift мөлшерлемесіне (орта есеппен 5-6%) көбейтіледі. Мысалы, егер NCOC 10 жыл бұрын мектеп құрылысына 5 млрд теңге жұмсаған болса, бүгінде қағаз жүзінде қайтарылуға тиіс сома 10 млрд теңгеге жетеді (пайыздар мен теңгенің әлсіреуін ескергенде).
Егер олар бұл шығындарды жергілікті экология, флора мен фаунаға залал келтіргені үшін өтем ретінде қайырымдылық деп есептегенде, жағдай мүлде басқаша болар еді.
Мүмкін бұл NCOC-тың немесе инвесторлардың тарапынан «біз соншама қаржы бөлеміз, ал сіздер оны жергілікті халықтың пікірі ескерілмеген түсініксіз жобаларға жұмсайсыздар…» деген белгісі шығар.
Өйткені барлық әлеуметтік жобаларды әкімдіктер бекітіп, мердігерлерді келісім арқылы таңдайды. Көптеген әлеуметтік жобалардың NCOC қаржысына тым қымбат бағаға жүзеге асатыны құпия емес. BI Group компаниясы Атырауда салған модульдік аурухананы мысалға алуға болады: нысан жылдам салынса да, бағасы әдеттегіден қымбатқа шықты.
Ең күлкілісі — Қашағанның акционерлері экологиялық айыппұлды ($4,5 млрд) өтеудің есесіне әлеуметтік жобаларға жаңа бюджетті (бұған дейін NCOC жыл сайын Атырау мен Маңғыстауға $50 млн бөлетін) бекітуді ұсынғаны. PSA бұл айланы назардан тыс қалдырмауға тиіс.
Осы жылдар ішінде NCOC бөлген $920 млн қай жобаларға жұмсалғанын көргім келеді.
Шын мәнінде, әлеуметтік нысандарды мемлекет салуға тиіс, ал мұнайшылар мұнай өндірумен айналысып, табиғи рентаны төлеп отыруы керек. Жергілікті халық тарапынан (мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер, белсенділер) қаржының жұмсалуына бақылау жасалуға тиіс.
Осы уақыт аралығында әкімдіктер жер қойнауын пайдаланушылардың (мұнай, уран, металл) қаржысы қанша және қай жобаларға жұмсалғаны жөнінде есеп берген емес. Ал бұл әңгіме жыл сайын жұмсалатын жүздеген миллион доллар хақында болып отыр.
Нұрлан Жұмағұлов
фото: shell.com.kz

