Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»БҚО-да үйді сатып алу-сату мәмілелері 71,6%-ға өсті
Нұрлыбек Рахманов Шолу 12/07/2024

БҚО-да үйді сатып алу-сату мәмілелері 71,6%-ға өсті

Фото: Depositphotos/Bombaert
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық статистика бюросы бір жыл ішіндегі (2024 жылдың маусымы мен 2023 жылдың маусымы аралығы) және бір айдағы (2024 жылдың мамыры мен маусымы) тұрғын үй нарығындағы баға өсімін талдады. БҚО-да үй нарығындағы мәмілелер (сделок купли-продажи) артқаны байқалады.

Республика бойынша бір жылда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары – 2,2%, қолданыстағы пәтерлерді қайта сату – 1%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылдың маусымында 5,2%-ға жоғарылады.

Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе (9,5%), Талдықорған (7,2%), Қызылорда (7,1%) қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы үйлер нарығында баға өсімінің көшін Атырау (14,1%), Астана (6%) қалалары бастаса, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Талдықорған (28,1%), Қарағанды (24,6%), Жезқазған (22,6%) мен Петропавл қалалары алда (22,5%).

Биылғы мамыр-маусым айлары ішінде қолданыстағы пәтерлерді қайта сату – 0,6%-ға, жаңа тұрғын үйді сату 0,4%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі маусымда өткен мамырмен салыстырғанда 0,3% жоғарылады.

Маусым айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 32 943 мәміле тіркелген. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 058 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 885 мәміле жасалды. Мамырмен салыстырғанда (31 071) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша, бұрынғысынша Алматы (5 937 – 18%) және Астана (4 812 – 14,6%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 716 – 8,2%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 342 бірлік (1%).

2024 жылдың мамырымен салыстырғанда маусымда ең көп өсім Батыс Қазақстан (+77,3%), Солтүстік Қазақстан (+38,1%) және Атырау (+22,8%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы төмен көрсеткіш Алматы қаласында (-7,6%), Жетісу облысында (-6,9%) және Шымкент қаласында (-4,6%) тіркелді.

2024 жылдың мамырымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 6,3%-ға (1 482 мәмілеге) көбейді. 2024 жылдың маусым айында пәтерлер бойынша барлығы 24 885 мәміле жасалды. Бұл – мәмілелердің жалпы санының 75,5%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (22,3%), Астана (18,9%) қалаларына және Қарағанды облысына (9%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер көп сатылды. Маусым айында 9 643 мәміле ресімделген.

Биылғы бір айда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 5,1%-ға немесе 390 мәмілеге артты. Маусымда барлығы 8 058 мәміле тіркелген. Ең жоғарғы өсім Атырау (+64,1%), Батыс Қазақстан (+52,6%) және Ақтөбе (+45,8%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең төмен көрсеткіш Ұлытау (-22,7%) облысында, Алматы (-21,7%) қаласында және Ақмола (-11,7%) облысында орын алды.

2024 жылдың маусымында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 10,3%-ға көбейген, ол кезде 29 880 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Батыс Қазақстан облысында (71,6%-ға) байқалды, ең төменгі өсім – Қызылорда облысында (19,5%-ға). 2024ж. қаңтар-маусым айларындағы мәмілелер санының 2023ж. қаңтар-маусым айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда динамика 15,2%-ға жоғарылады.

Нұртай ТЕКЕБАЙ

басты фото: Depositphotos/Bombaert

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
қолданыстағы пәтерлерді қайта сату тұрғын үй нарығы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Редакция таңдауы

Қарашығанағы бар БҚО экономикасы республикалық бюджетке тәуелді

20/02/2025
Саясат

АҚШ пен Ресей диалогы: Украина тағдыры талқыға түсті

18/02/2025
Шолу

Шетелден спортшы шақыру қаншалықты тиімді?

12/02/2025

Жаңа мақалалар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

Әлем жаңалықтары 06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

Экономика 06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

Әлем жаңалықтары 05/05/2025

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

жаңалық 05/05/2025

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

жаңалық 17/04/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

05/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.