Мәжілістің бұрынғы депутаты Гүлжан Қарағұсованың қызы Данна Қарағұсова Blue Origin шаттлымен ғарышқа ұшады. Сапардың құны 250-600 мың доллар аралығында бағаланып отыр.
Ол миллиардер Джефф Безос негізін қалаған Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранымен ғарышқа ұшады. Бұл сапар бар-жоғы 10–12 минутқа созылмақ.
Компания сайтындағы хабарламаға сәйкес, экипаж құрамына Джефф Элджин, Дана Қарағұсова, доктор Клинт Келли III, Аарон Ньюман, Виталий Островский және бір жасырын қонақ кіреді.
Данна Қарағұсова — Қазақстанда Дженнифер Лопестің концертін ұйымдастырған First Media Group-тің басшысы.
Қарағұсова ұйымдастырған Алматыдағы Дженифер Лопестің концертінде кәмелеттік жасқа толмаған балалар волонтер болғаны анықталды.
Шараға волонтер ретінде қатысқан Құралай есімді қыз әлеуметтік желіде үндеу жасады. Оның айтуынша, концерт кезінде волонтерлер таңғы 11:00-ден түнгі 23:00-ге дейін еш нәр тартпай жұмыс істеген.
Журналист Николай Энелане бұл жағдайға пікір білдіріп, жазба қалдырды.
«Егер қазақстандық бизнесвумен ғарыш сапарына 250–600 мың доллар тапса, неге концерттерінде балалар еңбегін тегін пайдаланады? Балалар құл емес қой», — деді ол.

