Қытайдың Люян қаласында отшашу мен жарық шоуына қатысқан жүздеген дрон бақылаудан шығып, көрермендердің үстіне отты жаңбыр түрінде құлаған. Бұл туралы жергілікті ntdtv басылымы хабарлады.
Ұйымдастырушылар аспанда бейнелерді көрсетуді жоспарлаған, алайда дрондар траекториядан ауытқып, жерге құлап түскен. Зардап шеккендер жоқ.
Куәгерлер түсірген бейнежазбаларда қызыл және қызғылт сары түсті отты шарлар жергі түсіп, ағашты тұтандырып жатқаны көрінеді. Әлеуметтік желі қолданушылары аталмыш шоуды орман маңында өткізудің қауіпті болғанын атап өтті.
фото: ntdtv
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

