Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Футбол командасы Боранбаевтың көзірі ме?
Дария Ғұмар Шолу 04/10/2025

Футбол командасы Боранбаевтың көзірі ме?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу туралы өтінішін кері қайтарып алды. Бұл туралы Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Боранбаевтың өтініші 2 қазанда Бостандық аудандық қылмыстық сотында онлайн форматта қаралды.

«Сот отырысы барысында сотталушы өз өтінішін қайтарып алды. Осыған байланысты сот оның шартты түрде босату туралы сауалын қараусыз қалдырды», – деді қалалық соттың баспасөз хатшысы.

ОҚЫҢЫЗ: 2012 жылы Қайрат Борантаев алматылық «Қайрат» футбол клубының төрағасы атанды. 2025 жылы «Қайрат» өз тарихында алғаш рет чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті. Бұл жеңіс Қайрат Боранбаев үшін де ерекше мәнге ие. «Реалмен» айқас Боранбаевтың беделін қалпына келтіре ме?

Боранбаев ісі

Кәсіпкер 2023 жылдың 31 наурызда «қылмыс жасауға көмектесу» (ҚК 28-бап, 5-бөлік), «аса ірі көлемде өзгенің мүлкін жымқыру» (ҚК 189-бап, 4-бөлік, 2-тармақ) және «қылмыстық жолмен табылған кірісті заңдастыру» (ҚК 218-бап, 3-бөлік, 3-тармақ) баптары бойынша айыпталған.

Сот үкімімен Боранбаев 8 жылға абақтыға қамалды. 2023 жылдың маусым айында іс соттың екінші инстанциясына жіберілді. Қыркүйек айында апелляциялық сот Боранбаевты кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

2023 жылдың 6 қарашасында ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қайрат Боранбаевтың босатылғанын хабарлады. Оның жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеумен алмастырылған.

Тергеу кезінде Боранбаев мемлекетке жалпы құны 124 миллиард теңге болатын мүлік пен ондаған бизнес-активін өткізген еді.

фото: qmonitor.kz

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
"Қайрат" футбол клубы "Реал"-"Қайрат" 2025 Алматы қаласы Бостандық ауданы Қайрат Боранбаев Мерзімінен бұрын босатылу
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.