Қазақстанда жүз жастан асқан 448 азамат бар. Ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады. Ол 115 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жүз жасқа толғандардың ең көп саны еліміздің ең ірі қаласы Алматыда тұрады. Онда жүз және одан жоғары жастағы 58 адам бар. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында – Түркістан облысы. Онда жүз жастан асқан 53 адам тұрады.
Ал үшінші орында Алматы облысы тұр, онда жүз жастан асқан 37 адам бар.
Ел бойынша көп жасап отырған үш қазақстандықтың қатарында:
- Ұлытау облысы тұрғыны – 115 жаста,
- Павлодар облысы тұрғыны – 113 жаста,
- Жамбыл облысы тұрғыны – 110 жастағы қария бар.
Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялаған еді.
Фото: Pixabay.com

