Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Еуропада пандемиядан кейін азық-түлік бағасы үштен бір есе қымбаттады
Дария Ғұмар Шолу 29/09/2025

Еуропада пандемиядан кейін азық-түлік бағасы үштен бір есе қымбаттады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Еуропалық орталық банкілер жүйесі қатаң ақша-несие саясатын жүргізіп жалпы инфляцияны мақсатты түрде 2%-ға дейін түсіргенімен, соңғы 5 жылда Еуропа елдерінде азық-түлік бағасы 30%-ға қымбаттады. Бұл әсіресе табысы төмен отбасылардың қалтасына ауыр тиеді.

Инфляция көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 3 жыл ішінде 10,6%-дан 2%-ға дейін төмендесе де, азық-түлік инфляциясының бұрынғы қалпына келуі өте баяу жүзеге асуда.

2025 жылдың тамыз айында азық-түлік бағасының айлық өсімі 3,2%-ға жетіп, қарапайым еуропалықтар азық-түлік алған сайын әдеттегіден көбірек ақша шығындағанын аңғарды.

ОҚЫҢЫЗ: БҚО тұрғындары табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайды

Қазір Еуроодаққа мүше елдерде ет 30%-ға, сүт 40%-ға, ал май 50%-ға дейін қымбаттаған. Ең жоғарғы баға өсімі Эстонияда тіркелді (+57%), ал азық-түлік инфляциясының ең аз көрсеткіші Кипр еліне тиесілі (+20%).


Бағаның қымбаттауына әсер еткен факторлар

Еуропадағы азық-түлік бағасының өсуін уақытша құбылыс деп қарастыруға болмайды. Бұл үрдіске ұзақ мерзімді әрі құрылымдық факторлар ықпал етті, деп хабарлайды Euronews.

Атап айтқанда, әлемдік нарықта ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артуы, климаттың өзгеруі және ЕО елдеріндегі ауыл шаруашылығының өнімділігінің баяу өсуі азық-түлік инфляциясына себеп болып отыр.

Испанияның оңтүстігіндегі ұзаққа созылған құрғақшылық зәйтүн майының бағасын айтарлықтай қымбаттатты. Ал Африкадағы Гана мен Кот-д’Ивуар елдеріндегі қолайсыз ауа райы кофе мен какао өндірісіне кері әсер етіп, аталмыш өнімдердің әлемдік нарықтағы бағасының қымбаттауына әкеліп соқты.

Сонымен қатар, Еуроодақтың Балтық елдеріндегі бағаның шарықтауы Украинадағы соғыспен байланысты. Әсіресе энергия көздерінің және тыңайтқыштардың қымбаттауы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнына тікелей әсер етіп, тұтынушылар үшін бағаның өсуіне әкелді.

Қазақстан мен Еуропа арасындағы сауда айналысы

Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуропа арасындағы сауда қатынастары да артып келеді. 2024 жылы екіжақты сауда айналымы 17,1%-ға өсіп, Еуропаға экспорт үлесі 7,5 пайыздық тармаққа, ал импорт үлесі 0,8 пайыздық тармаққа ұлғайды. 2025 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан жалпы импорт көлемінің 4%-ы Германияға тиесілі.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Азық-түлік бағасы Еуроодақ Еуропалық орталық банкілер жүйесі Инфляция Кипр Пандемия Пандемиядан кейін Эстония
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.