Алматы облысында 15 жыл бұрын жеке меншікке берілген элиталы жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
24 қыркүйекте депутат Бақытжан Базарбек Бас прокуратураға сауал жолдап, Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағалауындағы жерлерді қайтару мәселесін көтерді.
Соңғы үш жылда мемлекет меншігіне жалпы құны 6,1 млрд теңгені құрайтын 83 мың гектар жер қайтарылған. Оның ішінде 1,6 млрд теңгеге бағаланған 21 мың гектар жер бұрынғы шенеуніктердің, олардың туыстарының және Forbes тізіміне енген адамдардың иелігінде болған.
Атап айтқанда, 2025 жылдың мамырында прокуратураның талап-арызы бойынша Қапшағай жағалауындағы Құлыбаев әулетіне тиесілі жер телімі мемлекетке өтті.
ОҚЫҢЫЗ: Тимур Құлыбаевтың компаниясы миллиардатаған шығынға батты
Сондай-ақ депутаттық сауалда көтерілген Қапшағай маңындағы 9 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Қазір Іле ауданындағы жерлерге қатысты жұмыс жалғасып жатыр.
2025 жылдың тамызында Батыс Қазақстан облысында 3,5 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды.
фото: wikimedia.org

