TikTok желісі АҚШ-тың құзыретіне өтті. Бұл туралы The Guardian агенттігі хабарлады.
Дональд Трамптың жарлығы негізінде қытайлық ByteDance компаниясы платформадан толықтай шеттетілді. Сонымен бірге TikTok алгоритмдері қайта өңделмек.
Әлеуметтік желі енді АҚШ-та тәуелсіз құрылым ретінде жұмыс істеп, Oracle компаниясының басқаруына өтеді.
2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда TikTok 1,4 млн-нан астам бейнероликті ереже бұзғаны үшін өшіргені хабарланған еді.
Тамызда Қаржы министрі Мади Такиев TikTok пен YouTube сияқты шетелдік платформалар қазақстандық блогерлердің кірістері жөнінде салық органдарына есеп беретіні туралы мәлімдеме жасады.
фото: NurPhoto/Getty Images

