Россельхознадзор Көкшетаудан әкелінген 24 тонна пастерленген сиыр сүтін Ресейдің Омбы облысына кіргізуге тыйым салды, деп хабарлайды КазТАГ.
Ведомствоның мәліметінше, 17 қыркүйекте Омбы облысындағы «Исилькуль» шекаралық өткізу пунктінде Қазақстанда өндірілген «Садовое» ЖШС-нің сүті бар жүк көлігі тоқтатылған. Өнім Ресейдегі «Сүт инвестициялық компаниясы» ЖШҚ-ға бағытталған еді.
Тексеру барысында сүтке берілген Кеден одағының ветеринарлық сертификатында қателік анықталды. Тауарлардың жарамдылық мерзімі декларацияда көрсетілген бес тәуліктің орнына бір тәулік деп жазылған.
Жүк жөнелтуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
фото: freepik.com

