Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақ ұны АҚШ нарығына шықты
Дария Ғұмар жаңалық 17/09/2025

Қазақ ұны АҚШ нарығына шықты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Енді АҚШ дүкендерінің сөресінен Қазақстанда өндірілген ұнды табуға болады. Алғашқы 50 тонна бидай ұны Нью-Йоркке жеткізіліп, Eurasian Legacy атымен сатылымға шықты.

Отандық өнім қазір Amazon және Walmart онлайн платформаларында қолжетімді. Ұнның қаптамасында «Product of Kazakhstan» деген жазу да бар.

Бағасы мен сұраныс

Amazon платформасында қазақ ұнының 1,36 келілік қаптамасы 14,5 доллардан сатылып жатыр (7900 теңге). Жергілікті наубайханалар мен кафелерге жеткізілім отандық тауарға тапсырыс беруді бастап кеткен.

Бұдан бөлек, QazTrade өкілдері ұнды Costco, Whole Foods және Trader Joe’s секілді АҚШ-тың ең ірі бөлшек сауда желілеріне шығару бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

«Экспорт көлемін айына 100 тоннадан асыру жоспарланып отыр»

Бұл – АҚШ-та ұлттық тауарды сатудың жаңа стратегиясы аясында жүзеге асқан алғашқы ірі жоба. Сауда министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта экспорт көлемін айына 100 тоннадан асыру жоспарланып отыр.

Жыл сайын 2 млн тоннаға жуық қазақстандық ұн Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай және Ресейге экспортталады.

QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаровтың айтуынша, қазақстандық компаниялар АҚШ-қа тек ұн ғана емес, басқа да азық-түлік өнімдерін таныстырумен айналысып жатыр. Олардың қатарында қарақұмық, гранола, талқан, шоколад және какао бар. Нью-Йорк, Чикаго және Вашингтондағы серіктестер бұл өнімдердің сапасын бағалап үлгерген.

2025 жылы астық өндірушілер мен экспорттаушыларға 409,6 мың тонна бидай тасымалдағаны үшін 9,1 млрд теңге төленген.

АҚШ нарығына шығу неліктен маңызды?

Америкалық нарық – тұтынушылар арасында сапасы дәлелденген өнімдерді ғана таңдайтын бәсекелестігі өте жоғары орта. Қазақстандық ұнның аталмыш нарыққа шығуы – елдің агроөнеркәсіп кешені үшін жаңа кезең. Бұл тек экспорттық әлеуеттің артқанын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық деңгейде сенімді жеткізуші ретіндегі имиджін қалыптастырады.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
QazTrade АҚШ Астық астық экспорты Әлемдік экспорт Бидай Сауда министрлігі Ұн экспорт
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.