Алаяқтар Қазақстан азаматтарына жол ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұл жіберетін жаңа айла ойлап тапты. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті хабарлады.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, қаскөйлер жүргізушілерге электрондық пошта мен мессенджерлер арқылы көлік нөмірі мен айыппұл төлеуге арналған сілтемесі бар жалған хаттар таратып жатыр.
Шын мәнінде, бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі: азамат картаның деректерін енгізген сәттен бастап қылмыскерлер оның шотына толық қол жеткізеді. Кейбір сілтемелер құрылғыдан жеке ақпаратты ұрлайтын вирусты да қамтиды.
Ресми айыппұл хабарламалары тек 1414 нөмірінен келеді және төлем сілтемесін қамтымайды.
Қазір Қазақстанда алаяқтардың 1414 нөмірі арқылы SMS жіберуі жиіледі. Соның салдарынан халықты алдануы жалғасып жатыр.
Қыркүйек айында Ақмола облысында көмекке мұқтаж азаматтардың атына несие рәсімдеп келген алаяқтардың қылмысы әшкереленіп, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
фото: freepik.com

