Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Kaspi, Freedom және Bank RBK көш басында: Қазақстанда заңды тұлғалардың салымдары артты
Гүлмира Сарсенғали Қаржы 16/09/2025

Kaspi, Freedom және Bank RBK көш басында: Қазақстанда заңды тұлғалардың салымдары артты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Тамыз айында Қазақстан банктеріндегі заңды тұлғалардың салымдары 18,4 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде салымдардың көлемі 11,2%-ға артты. Жалпы соңғы бес жылда ҚР ЕДБ-дағы бизнес салымдары жыл сайын орта есеппен 14%-ға артып отыр. Бұл жөнінде Ranking.kz жазды.

Десек те мұндай өсім әрдайым бола бермеді. 2017, 2018 және 2019 жылдары салымдардың көлемі қысқара бастады. Бұл кездейсоқтық емес. Сол уақытта еліміздің банк секторы қиын кезеңді бастан кешті. Аталған жылдарда бес банк лицензиясынан айырылды. Бизнес нарықтағы ахуалды үнемі қадағалап отырады, сондықтан да тұрақсыз кезеңдерде компаниялар тәуекелді азайту үшін қаражаттарын банктерден шығарып алады.

2020 жылдан бастап бұл үрдіс өзгерді. Банк секторын консолидациялау және әлсіз ойыншылардың нарықтан кетуі сенімділікті арттырды. Цифрлық сервистерді дамыту қаражатты басқаруды ыңғайлы етті, ал коронавирус пандемиясы мен экономикалық белгісіздік компанияларды ликвидтік резервтерін көбейтуге итермеледі. Бұның бәрі тиімді мөлшерлемелермен бірге, депозиттердің артуына жол ашты. Бүгінде бизнес қолма-қол жасалмайтын операцияарға бет бұрып жатыр, ал банктік салымдар мен мобильді қосымшалар бұл қадамда негізгі рөл атқарады.

Жеке банктерге келетін болсақ, бизнес көбінесе ірі банктерге (ЕДБ) сенім артады. Осы жылдың шілде айының қорытындысы бойынша еліміздегі ірі банктер арасында депозиттердің айтарлықтай өсімі Kaspi Bank-те тіркелді: салымдар бір жылда 51,7%-ға артып, 794,5 млрд теңгеге дейін жетті.

Барлық ЕДБ арасында аталған банктің Kaspi Pay қосымшасы бизнес арасында ең көп қолданылатын қосымша болып отыр.

Заңды тұлғалардың салымдары бойынша екінші орында Freedom Bank тұр. Салымдар бір жылда 46,8%-ға артып, 494,6 млрд теңгеге дейін жетті.

Үздік үштікті Bank RBK түйіндейді. Салымдардың көлемі бір жылда 23,2%-ға өсіп, 873,4 млрд теңгеге дейін жетті.

Алғашқы бестікке Банк Центр Кредит (плюс 21,3%) пен Forte Bank те (плюс 16,5%) енді.

Айта кетерлігі, Қазақстандағы ірі ЕДБ-да бизнес салымдардың 84,5%-ы сақталған.

Жалпы заңды тұлғалардың ҚР ЕДБ-дағы салымдарының көлемінің артуына негіз болған себептер көп.

Фото: Ulysmedia.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Kaspi Bank Жеке банктер Заңды тұлғалар Қазақстан ҚР ҚР ЕДБ Салымдар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.