Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстанда бір аптада 25 адам жол апатынан қаза тапты
Дария Ғұмар жаңалық 15/09/2025

Қазақстанда бір аптада 25 адам жол апатынан қаза тапты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қыркүйек айының басынан бері ел аумағында үш ірі жол апатынан 25 адам қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобустың аударылуы салдарынан 10 адам көз жұмды. 14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көлік соқтығысып, тағы 10 адам қаза тапты. Қарағанды облысында көліктің қарсы бағытқа шыққан көліктің кесірінен 5 адам қайтыс болды. 

Барлық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Құқықтық статистика порталының мәліметіне сәйкес жыл басынан бері Қазақстанда 23836 жол апаты тіркелген. Олардың 1199 (5,03%) кісі өлімімен аяқталған.

Жол-көлік оқиғалары ең көп болған аймақ — Алматы қаласы. 2025 жылдың 9 айында Алматыда 5291 апат тіркелген. Ең аз ЖКО саны Ұлытау облысына тиесілі. Бұл жерде жыл басынан бері 222 жол апаты болған.

БҚО-да қаңтар-қыркүйек айларында 875 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардың 39-ы адам өліміне себеп болды. Көршілес Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы көлік апаты саны сәйкесінше 1335, 1214 және 1101-ны құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО-да он жыл ішінде жол-көлік оқиғаларының саны үш есе көбейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2015 жылы өңірде 249 көлік апаты тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 697-ге дейін өскен.

Кісі өліміне әкелген жол апаты көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр: 848 ЖКО-ның 163-нің арты қайғылы аяқталған.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Адам өліміне әкелген жол апаты Ақтөбе облысы Алматы қаласы Алматы облысы Атырау облысы БҚО Екінші ақпарат Жамбыл облысы Жол-көлік оқиғалары Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы жол апаты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті Маңғыстау облысы Түркістан облысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.