Соңғы кездері БАҚ пен түрлі арналарда «Қазақстанда әр үшінші жұп ажырасады» деген ақпарат таралып жүр. Sarapshy.info ресми дереккөзге шолу жасап, аталмыш деректің шынайылығын тексеріп көрді.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы елде 123 626 неке, 40 569 ажырасу фактісі тіркелген. Неке санын ажырасу санына бөлгендегі коэффициент — 3,04. Демек 2024 жылдың есебіне сай елде әр үшінші жұптың ажырасатыны шындыққа санасады.
ҮКІМ: Шындық
2020–2024 жылдар аралығында Қазақстанда некелесу мен ажырасу көрсеткіштерін салыстырар болсақ, бұл кезеңде некелесу саны 5213-ке (2020 жылы – 128 839, 2024 жылы – 123 626) азайған. Ажырасу көрсеткіші де 7433-ке түскен (2020 жылы – 48 002, 2024 жылы – 40 569). Алматы және Астана қаласы, одан кейін Қарағанды облысы ажырасу жөнінен алдыңғы қатарда тұр. Бұл ретте аталған аймақтарда халық саны көбірек екенін ескерген жөн.

Ал ажырасу коэффициенті 2024 жылы 1000 адамға шаққанда 2,01 болған. Бұл көрсеткіш халықтың жалпы санына қатысты есептеліп, елдегі әрбір 1000 адамға шамамен 2-3 ажырасу фактісі тіркелгенін білдіреді.

2021 жылы Қазақстан қоғамдық даму “Ажырасу және оның салдары” атты әлеуметтік зерттеу жүргізіп, ажырасудың негізгі себептерін жазды. Зерттеуге сүйенсек, ең көп таралған себептер: ерлі-зайыптылардың опасыздығы, туысқандардың отбасылық өмірге араласуы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, маскүнемдік және лудомания.
Данагүл Нұрхан
фото: freepik.com

