Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да 115 мектеп аралас тілде білім береді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 05/09/2025

БҚО-да 115 мектеп аралас тілде білім береді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстанда жалпы білім беретін 379 мектеп бар. Оның ішінде 365-і күндізгі, екеуі кешкі, ал 12-сі жеке мектеп. Облыстағы 252 мектеп қазақ тілінде, 12 мектеп орыс тілінде, 115 мектеп аралас тілде білім береді. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Sarapshy.info порталына хабарлады.

Облыста 2020 жылы аралас тілде оқытатын 96 мектеп болса, 2024 жылы оның саны 114-ке жеткен.

  • 2020 жылы – 96
  • 2021 жылы – 102
  • 2022 жылы – 106
  • 2023 жылы – 109
  • 2024 жылы – 114

Қазір өңірдегі аралас мектептердің сексені аудандарда орналасқан. Биыл оқушы саны азайып жабылған мектеп болмаған. Ал былтыр төрт бастауыш мектеп жабылды.

Өңірде 10,5 мың бала 1 сыныпқа қабылданды. Оның 76%-ы қазақ тілінде білім алуға өтініш берді.

Соңғы үш жыл ішінде 7 526 орынға арналған 26 мектеп салынды. Оның ішінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасы аясында 1 344 орынға 16 мектеп, жергілікті бюджет есебінен 1 982 орынға жеті мектеп, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4 200 орынға үш мектеп пайдалануға берілген. Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында Казталов ауданының Қоныс ауылында 60 орындық шағын мектеп, Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылында 600 орындық заманауи «Келешек мектебі» ашылды.

БҚО білім басқармасының дерегінше, жыл соңына дейін тағы да 3 300 орынға есептелген Бөрлі ауданында – үш, Орал қаласында – бір, Бәйтерек ауданында – бір, барлығы бес «Келешек мектебі» және Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 облыстық мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары 18 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді.

Өңірде оқушы орнына тапшылық әлі де бар. Қазір тоғыз мектепте білім беру үрдісі үш ауысымда жүргізіліп отыр. Бұл мектептер Бәйтерек, Бөрлі аудандары мен Орал қаласында орналасқан. Соның ішінде үш үш ауысымды мектептің мәселесі енді пайдалануға берілетін «Келешек мектептері» есебінен шешілмек.

БҚО-да 2024-2025 жылғы оқу жылында 326 педагог маманға сұраныс болған. Ал жаңа оқу жылында ұстаздарды қызметке қабылдау әлі де жүргізіліп жатыр.

Соңғы жылдары өңірдегі үш орыс тілінде оқытатын мектепте қазақ сыныптары ашылып, аралас мектепке айналып отыр. Дегенмен аралас мектептердің бүтіндей қазақ тілді мектепке айналғаны тіркелмеді.

Фото: Sarapshy.info

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 жыл Sarapshy.info порталы Басты ақпарат Батыс Қазақстан БҚО Жалпы білім беретін мектептер Келешек мектептері Облыс мектептері
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.