Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Сот мәжіліс депутаты Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдетуден бас тартты
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 04/09/2025

Сот мәжіліс депутаты Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдетуден бас тартты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат соттан жазасын жеңілдетуді сұрады. Бүгін Алатау қалалық соты оның жазасын жеңілдетуден бас тартты.

Нұрасыл Болаттың ісін жеңілдету туралы жазасын өтеп жатқан мекеме сұраған. Прокуратура да бұл өтінішті қолдады. Жәбірленуші адвокаттар Олег Чернов пен оның жұбайы Анна да бұл ұсынысқа қарсы болмаған. Бірақ осының бәріне қарамастан сот Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдетуден бас тартты.

Айта кетелік, былтыр 22 қазанда Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының қаулысымен сотталған Нұрасыл Болатқа қатысты 1 жыл 5 ай 10 күн бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Бұл пробациялық бақылау талаптарының бірнеше рет бұзылуына байланысты қабылданды.

Осыған дейін сотталған адамға алдын ала міндеттері түсіндіріліп, ескертілген. Ол 2024 жылы 14 тамызда түнгі сағат 03:00-де қоғамдық орында болып, соттың қойған шектеулерін бұзған. 2024 жылы 11 қазанда кешкі уақытта мейрамханаға барған және 12 қазанда түнгі ойын-сауық мекемесінде болған.

Еске салсақ, 2023 жылы 11 ақпанда Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан еді.

Фото: Freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Алматы Депутат Дәулет Тұрлыханов Ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтар Нұрасыл Болат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.