Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс кезінде үш қызметкерді күйік шалды. Бұл жөнінде зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.
Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр. Ал үшіншісі амбулаториялық емдеуде.
«Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. Компания қызметкерлерге қажетті көмек көрсетіп жатыр», — делінген зауыт хабарламасында.
Фото: Ақсу ферроқорытпа зауыты
Автор
-
Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.
Барлығын қарау

