Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы мерт болды. Бұл туралы «ПетроҚазахстан Ойл Продактс» компаниясы хабарлады.
Компанияның мәліметінше қайғылы жағдай 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында оқшаулау жұмыстары кезінде мұнара құлаған сәтте болған.
Оқиға орнында мердігер «КРС Астана» компаниясының қызметкерлері жұмыс істеген. Арнайы жұмыс тобы оқиғаның себебін анықтауды бастады, ал зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр .
Компания өкілдері марқұмдардың отбасына көңілайтты.
Мұнай зауытына еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
фото: gov.kz

