Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстан бюджет тапшылығын жоя ала ма?
Дария Ғұмар Шолу 26/08/2025

Қазақстан бюджет тапшылығын жоя ала ма?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан 2030 жылға дейін бюджет тапшылығын жабуды көздеп отыр. Үкімет ұлттық қордың кірісін 1 триллион теңгеге дейін жеткізбек. Бірақ сарапшы Арман Бейсембаев биліктің бұл жоспары жүзеге асатыны күмәнді деп санайды.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, алдағы үш жылдық бюджет пен 2035 жылға дейінгі даму жоспары бекітілген. 2026 жылы республикалық бюджет кірісі 19,2 триллион теңгеге жетсе, 2028 жылы бұл көрсеткіш 23,2 триллионға дейін өседі. Ал 2035 жылға қарай мемлекеттік бюджет кірістері шамамен 67 триллион теңгені құрамақ.

«Бюджет тапшылығы да кезең-кезеңімен азаяды: 2026 жылы ол жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ын құраса, 2029 жылы 0,4%-ға дейін төмендейді. 2030 жылдан бастап тапшылық мүлде болмайды деп күтеміз.

2026-2028 жылдары Ұлттық қор кепілдендірілген трансферт ретінде жыл сайын 2,8 триллион теңге бөледі. Бұл соңғы жылдармен салыстырғанда екі есе аз», — деді министр.

Серік Жұманғарин

Базалық сценарийге сәйкес, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,4% болады, ал орташа жылдық өсім шамамен 5,3% деңгейінде сақталады. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 триллион теңгеге жетіп, 2028 жылы 229,8 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.

Салалар бойынша ең жоғары өсім құрылыс (11%), көлік (10,1%) және өңдеуші өнеркәсіпте (6,6%) күтіледі. Сауда көлемі 6,7%-ға, ауыл шаруашылығы 3,9-ға, тау-кен өндірісі 2,8-ға артады.

Экономикалық болжамда экспортты дамыту да қарастырылған. 2026 жылы экспорт көлемі 77,1 миллиард доллар болса, 2028 жылы 83,7 миллиард долларға жетеді.

Импорт көлемі де 67,7 миллиард доллардан 75,2 миллиард долларға өседі деген үміт бар.

Ал инфляция деңгейі 2026 жылы 10%-дан аспайды, ал 2028 жылға қарай 5–7% аралығында тұрақтайды.

Аймақтардың дамуы тұрғысынан 2028 жылдан бастап Павлодар облысы республикалық бюджетке тәуелділіктен шығып, өзін-өзі қаржыландыратын аймаққа айналады.

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те сөз сөйледі. Ол ұзақмерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қаржы заңнамасын реформалау жоспарланып отырғанын айтты.

«Жаңа құжатта банк секторы, төлем жүйелері, бағалы қағаздар нарығы, цифрлық қаржы активтерін реттеу және ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дамыту шаралары қарастырылған. Сонымен бірге, корпоративтік несиелендіруді күшейту және банктердің өтімділігін бизнес-жобаларға бағыттау үшін салықтық жеңілдіктер енгізілмек», — дейді ол.

Tickmill компаниясының қаржылық эксперті Арман Бейсембаев Sarapshy.info-ға бұл болжамның артында не тұрғанын түсіндірді.

«Шын мәнінде, 2030 жылға дейін бәрін болжап, тон пішу қиын емес. Бірақ бұл – нақты жоспар емес, жай ғана болжам. Оны орындауға ешкім кепіл бермейді.

Өткен жылдың өзінде Ұлттық экономика министрлігі бюджет жоспарын 8—10 рет өзгертті. Бір жылға нақты жоспар құра алмай отырып, бес жылға болжау жасау қаншалықты қисынды?

Үкіметтегі кадрлік өзгерістер бұл жоспарлардың рас-өтірігін күмәнға қалдырады.

Министр айтқан инфляция туралы болжамның да әзірше толық негізі жоқ. Ол 2026 жылы инфляция 10%-дан аспайды деді. Ал іс жүзінде Ұлттық банк инфляцияны 5% деңгейінде ұстап тұруды мақсат етіп отыр. Бұрындәліз 4—6% аралығында болса, қазір соңғы нүкте – 5%. Министрдің сөзі, керісінше, халықтың инфляция жоғары болады деген күдігін күшейтеді.

Қазір Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізіп, жоғары пайыздық мөлшерлемені ұстап тұр. Соның кесірінен кредит қымбат, әсіресе шағын және орта бизнес үшін.

Үкімет болса, шығынды көбейтіп, «ақша шашуды» жалғастыруға дайын екенін көрсетіп отыр. Бұл – проинфляциялық саясат.

Нәтижесінде, экономикада тепе-теңдік жоқ. Жоғары мөлшерлеме жағдайында бизнес ұзақмерзімді жоспар құра алмайды. Өндірістік жобаларға несие алу мүмкін емес, өйткені зауыт салу сияқты ірі жобаларға кем дегенде 10 жылдық горизонт керек. Ал бізде жоспарлау мерзіміне бір жыл беріледі.

Сондықтан қазіргі жағдайда тек тез айналымды «алып—сату» бизнесідамиды, ал инновация мен өндіріс артта қалып отыр.

Үкіметтің басты проблемасы – табыс аздығы емес, шығын көптігі. Қаржы тапшылығын шешу үшін олар салықты өсіруі мүмкін, бірақ шығындарды қысқарту, жемқорлықпен күресу секілді нақты шаралар әлі айтылған жоқ. Ал бұл бағытта өзгеріс болмаса, бюджет тапшылығын жабу жай сөз болып қала береді.

Сондықтан 2030 жылға дейінгі жоспарға сену қиын. Біздің жағдайда ондай ұзақмерзімді болжамдар тек саяси ұран болып көрінеді», — дейді сарапшы.

фото: ЖИ-генератор

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Арман Бейсенғалиев Бюджет тапшылығы Екінші ақпарат Жалпы ішкі өнім Инфляция Серік Жұманғарин Тимур Сүлейменов Ұлттық Банк Ұлттық экономика министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
жаңалық

БҚО-да 30-дан астам мемлекеттік нысан жекенің қолына өтеді

24/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.