Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қазақстанда уран қоры 2040 жылға дейін жетуі мүмкін. АЭС қалай іске қосылады?
Дария Ғұмар Экономика 26/08/2025

Қазақстанда уран қоры 2040 жылға дейін жетуі мүмкін. АЭС қалай іске қосылады?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Барланған уран қорының шамамен 14%-ы Қазақстанда шоғырланған. Еліміз аталмыш кеннің көлемі бойынша әлемде екінші орында тұр. Алайда әлемдік атом энергиясы агенттігінің зерттеуінше, Қазақстандағы уран мөлшері тек 2040 жылға дейін жетуі мүмкін.

“Қазір елімізде ядролық отын циклін дамыту жоспарланып отыр. Біз өндіріске арналған уран ұнтақтары мен таблеткаларын жасап келе жатырмыз, ал 2021 жылдан бастап атом электр станцияларындағы реакторларға дайын ядролық отын саналатын жылу бөлетін жинақтарды шығара бастадық”, – деді ҚР Атом энергетикасы агенттегі басшысының орынбасары Әсет Махамбетов.

2036 жылы іске қосылатын алғашқы қазақстандық АЭС үшін жергілікті уран кені қолданылады. Сол кезде елде отын жеткілікті деңгейде бола ма, бұл сұрақ басы ашық күйінде қалып отыр.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының операциялық пайдасы 12%-ға артып, шамамен 254 млрд теңгені құрады. Бұл 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 6%-ға төмен. Биыл компанияның таза пайда көрсеткіші 571,7 млрд теңгеден 263,2 млрд теңгеге дейін қысқарып, 54%-ға азайды.

«Қазатомөнеркәсіп» – уран, сирек металдар және атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорты және экспортымен айналысады. Биыл компанияның операциялық қаржы ағыны 65%-ға өсіп, 532,9 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен қатар уран өндірісі 13%-ға ұлғайып, жалпы мөлшері 12 242 тоннаны құрады. Дегенмен өнімді өткізу көлемі 2%-ға азайып, 7 625 тоннаға дейін төмендеді. Ал дайын өнім қоры 9%-ға артып, 6 677 тоннаға жетті.

2025 жылы Қазақстанда жылына 2 мың тонна уран өндіретін «КАТКО» бірлескен кәсіпорнының жаңа зауыты іске қосылды.

Сондай-ақ қазір TQZ зауыты мен Буденов кен орнында жылына 6 мың тонна уран өндіретін қайта өңдеу кешенінің құрылысы жалғасып жатыр.

Alatau City Invest онлайн-брокерінің индикаторларды талдауында уранның нарықтағы бағасы жоғары екені көрсетілген.

“Өткен аптада уран бағасы 1,7%-ға көтеріліп, 74,3 АҚШ долларына жетті. Баға 70 доллар деңгейіндегі қолдау шегіне жетпей-ақ өсуін жалғастырды”, — деп хабарлады брокерлік компания.

 

фото: gov.kz

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Alatau City Invest АЭС КАТКО Қазатомөндіріс Пайдалы қазбалар Уран Уран қоры
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
Шолу

БҚО экономикасының минусы мен плюсі

19/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.