Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 22 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Еуразиялық банк» акционерлерінің арасындағы дау сотқа жетті
Дария Ғұмар жаңалық 22/08/2025

«Еуразиялық банк» акционерлерінің арасындағы дау сотқа жетті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың маусым айында Қазақстандық «Еуразиялық банк» пен оның бас компаниясы «Еуразиялық қаржы компаниясының» (ЕҚК) иесі Патох Шодиев сотқа шағымданды. Ол 2 маусым күні өткізілген акционерлер отырысының шешімін заңсыз деп санауды талап етіп отыр. 

23 маусымда марқұм Әліжан Ибрагимовтың ұлы Шухрат Ибрагимов та құзырла органдарға шағымданды. Әліжан Ибрагимов – Патох Шодиевтің ЕҚК бойынша серіктесі, оған компанияның 20,7% акциясы тиесілі еді.  

Оның ұлы Шухрат Ибрагимов өз арызында керісінше, акционерлер жиналысының шешімін заңды деп тануды сұрады.

Акционерлер отырысының шешімі жайлы нақты ақпарат ашық дереккөздерде көрсетілмеген. 

Бұл Шодиев пен Ибрагимов арасындағы алғашқы дау емес. Бұған дейін ЕҚК-ні Freedom Holding Corp.-қа (Тимур Турловтың компаниясы) сату төңірегінде жанжал өршіді. Шодиев пен марқұм Александр Машкевич компанияны сатқысы келсе, Ибрагимов бұған қарсы еді. Сот бұл істе Ибрагимовтың тарапын жақтады.

Банк төңірегіндегі кикілжіңдер

  • 2015 жылы Еуразиялық банктің қызметкері Татьяна Бурнакина Ресейдің newslab.ru басылымына берген сұхбатында банк ішінде қарапайым алаяқтық жүйе бар екенін бөлісті. Оның сөзін ресми түрде ешкім жоққа шығармады. Банк Бурнакинаны қызметтен босатумен шектелді.
  • Патох Шодиевтің інісі Орифджан Шадиевтің да басы дауға қалды. Ұлттық банк пен кредиторлардан қашқан ол «Еуразиялық банктен» 2,7 млрд теңге несие алып, қарызын қайтармаған. Кейін банк оның және бұрынғы жұбайының бірнеше пәтері мен үйін кепілге алып, сот арқылы мүлкін тәркілеген. Артынша бұл мәміле заңсыз деп танылып, дау бірнеше жылға созылды.
  • 2013 жылы Еуразиялық банктің қызметкері 22 жасар Галина Корнелюк 9 VIP клиенттің депозит шотынан $2 млн ұрлағаны жария болды. Ол ұрланған ақшаны артынша казино мен құмар ойындарға жұмсаған. Сот Корнелюкті 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Патох Шодиевтің қызы Муниса 2024 жылдың қазан айында «Еуразиялық банк» директорлар кеңесіне кіріп, небәрі үш айдан кейін, желтоқсанда орнын босатты. Бұл шешімнің нақты себебі айтылмайды. Алайда ол бұл лауазымды «Еуразиялық банкті» Freedom Holding-қа сату туралы шешім талқыланған кеңесте дауыс беру үшін уақытша иеленуі мүмкін.

Муниса Шодиеваның аты халықаралық бизнес жобаларда да дауға қалды. Ол Лондонда құрылған Vault Couture компаниясын өзінің жеке стартабы ретінде таныстырғанымен, көптеген дереккөздерде бұл жобаның негізін қалаушы америкалық кәсіпкер Рут Баринштейн екені көрсетілген. 

ЕҚК төңірегіндегі аталмыш дау Қазақстанның қаржы нарығындағы ірі ойыншылардың ықпалын кері қарастыруға әкелуі мүмкін.

Шодиев пен Ибрагимов арасындағы алғашқы сот отырысы 26 тамызда өтеді. Патох Шодиев сот кезінде ЕҚК-дан 1 млн теңге көлемінде моральді өтемақы алуды көздеп отырғанын жеткізді. 

коллаж: Sarapshy.info

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Freedom банкі Александр Машкевич Әліжан Ибрагимов Еуразиялық банк Еуразиялық қаржы компаниясы Патох Шодиев Тимур Туров Шухрат Ибрагимов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.