Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясына 37 млн теңге айыппұл салынды
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 19/08/2025

«СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясына 37 млн теңге айыппұл салынды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты «СНПС Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамын бәсекелестік туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыпты деп таныды.

«Бұл шешімнің негізі Ақтөбе облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жүргізген тергеп-тексерудің нәтижелері болды. Тергеу барысында компания сұйытылған мұнай газын (СМГ) өткізу нарығында үстем жағдайын теріс пайдаланып, әріптестеріне экономикалық және техникалық тұрғыдан тиімсіз шарттарды мәжбүрлі түрде қабылдатқаны анықталды. Атап айтқанда, СМГ жеткізу шарттарында төлем мерзімі үш банктік күннен аспауға тиіс деп көрсетілген. Ал қолданыстағы нормалар бес жұмыс күні ішінде төлем жасауға мүмкіндік береді. Қатаң талаптарға келіспеген контрагенттер жеткізілімдерден шеттетілген», — деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Сонымен қатар қосымша келісімдерде технологиялық тұрғыдан негізсіз талаптар қамтылған. Автоцистерналар геометриялық көлемінің тек 85%-на дейін ғана толтырылуы тиіс болды. Нарық қатысушыларының пікірінше, бұл талап логистикалық қиындықтар туғызып, жасанды түрде тиеу көлемін шектеді және компания серіктестерін әдейі тиімсіз жағдайға қалдырды.

«Тергеу барысында «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ техникалық мүмкіндігі бола тұра, автокөлікпен жеткізілетін СНГ өндірісін негізсіз шектегені анықталды. Бұл басқа нарық қатысушыларының құқықтарын бұзды. Монополияға қарсы органның барлық қорытындыларын сот растап, компанияға 36 752 688 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ монополияға қарсы органның нұсқамасына сәйкес, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады. Сұйытылған газдың орташа тәуліктік өндірісі 114 тоннаға дейін арттырылды, ал тамыз айындағы автокөлікпен тиеу көлемі 3 532 тоннаны құрады», — делінген хабарламада.

Ақтөбемұнайгаз – Ақтөбе өңірінде мұнай мен газ кендерін барлау және мұнай-газ өнімдерін өндірумен айналысатын акционерлік қоғам. Мұнай компаниясы 1997 жылдан бері өзінің бақылау пакетін (60,3%) алған Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірге жұмыс істей бастады.

Фото: cnpc-amg.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ 2025 Ақтөбе қаласы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы сұйытылған газ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.