Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Ғылымды дамыту саласында 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған – аудит қорытындысы
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 19/08/2025

Ғылымды дамыту саласында 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған – аудит қорытындысы

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекеттік аудиторлар ғылымды дамытуға бөлінген бюджеттің қаншалықты тиімді пайдаланылатынын тексерді. Аудит нәтижелері Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды.

Белгілі болғаны, ғылымды қаржыландыру көлемінің 219 млрд теңгеге дейін өсуіне қарамастан, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұмсалатын шығындардың үлесі төмен. Осы жерде аудиторлар қолданбалы ғылыми әзірлемелер енгізуді жандандырып, оларды экономиканың нақты секторының сұраныстарына бейімдеу қажеттігіне де назар аударған.

Сонымен қатар бағдарламалық құжаттарда белгіленген ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары Ғылым және жоғары білім министрлігінің даму жоспарында толық көрініс таппаған. Ғылым комитеті мен салалық мемлекеттік органдар арасында тиісті өзара іс-қимылдың жоқ екені де байқалады, бұл ғылыми әзірлемелерді сапалы енгізуде тәуекелдер туындатады.

Ұлттық ғылыми кеңестердің (ҰҒК) жұмысында қосымша назар аударуды қажет ететін факторлар анықталды. Кеңестердің жекелеген мүшелері бір мезгілде бірнеше қаржыландырылатын жобаға қатысқан.

«Сонымен бірге ғылыми кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларды есепке алмай қабылдаған шешімдері үшін, бұзушылықтары бар жобаларды мақұлдағаны үшін, сондай-ақ өздері бұрын мақұлдаған жобаларды қаржыландыруды тоқтатқаны үшін жауапкершілік белгіленбеген», — деп атап өтті аудиторлар.

Ғылыми конкурстарды айтарлықтай кешіктіріп жариялау, кейбір жағдайларда 500 күннен артық кешіктіру фактілері тіркелген. Ғылыми-техникалық сараптама рәсімдерінің мерзімдері сақталмайды.

Қаражаттың пайдаланылуын және нәтижелерге қол жеткізілуін бақылауды қамтамасыз етуге арналған ғылыми жобалардың мониторингі айтарлықтай нәтиже бермейді. Ескертулер, пысықтау бойынша ұсынымдар немесе жекелеген кемшіліктері болса да, жобалар одан әрі қаржыландырылып отырған.

«Ғылым қорын коммерцияландыру жобаларын іске асыруда да кемшіліктер бар. Аяқталған 42 жоба жоспарлы сату көлеміне жетпеген, ал 8 жоба бойынша мүлде өнім шығарылмаған. Сонымен қатар жетекші жоғары оқу орындарының жанынан инжинирингтік орталықтар мен технопарктер ашуда қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау және сатып алу құнын арттыру фактілері анықталды», — деп жазды Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы 1,7 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар анықталып отыр. 24,2 млрд теңге тиімсіз жоспарланып, 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.

Фото: Жоғары аудиторлық палата

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 42.5 млрд теңге Ғылым қоры Ғылымды дамытуға бөлінген бюджет ҚР Мемлекеттік аудит қорытындысы Мемлекеттік аудиторлар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.